«Алматының көлікке лық толуы жалпы қашықтығы 65 км, құны — 74,5 млрд теңгені құрайтын Үлкен Алматы айналма көлік жолын салу қажеттігін тудырып отыр»,- деп мәлім етті Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов. «Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарын басып өтетін бірінші санаттағы 6 жолақты айналма көлік жолы 2008-2010 жылдарға арналған концессия тетігі бойынша салынады»,- деп хабарлады С. Ахметов.
Министрдің ақпараттарына сүйенсек, «жобада 14 көпір, 8 екі деңгейлі жол тораптары және темір жол арқылы өтетін 2 өткел салу қарастырылған».
Сонымен қатар, мекеме басшысы жуырда қабылданған «Ойын бизнесі туралы» заңмен және де қосымша қалаларды дамыту аясында Алматы — Қапшағай көлік жолының цементті бетон қабатына жаңарту жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлады.
С. Ахметовтың ақпараттарына сүйенсек, бірінші санатты жолдың қашықтығы — 79 шақырым , қозғалыс жолақтары — 4, ені — 17 метр, орташа қарқындылығы тәулігіне — 12 мың көлік, жаз маусымында тәулігіне 30 мың көлікке дейін, жобаланған құны — 50 млрд теңге, жүзеге асыру мерзімі — 2008 — 2010 жылдар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті