Үлкен дау тудырған Көкжайлаудың құрылысы ақыры тоқтап тынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Үлкен дау тудырған Көкжайлаудың құрылысы ақыры тоқтап тынды

Үлкен дау тудырған Көкжайлаудың құрылысы ақыры тоқтап тынды

Бірақ бұл  қоршаған ортаға деген алаңдаушылықтан емес, Алматы әкімдігінде демалыс аймағын салатын ақша жоқ. Үнемделген 30 млрд-тай теңгені шенеуніктер енді басқа салаға жұмсамақшы.

  • 20 Қазан 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz

Көкжайлау тау-шаңғы кешенінің құрылысын кейінге қалдыруды қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдапты. Бюджет шығынын азайту үшін сонымен қатар 5 жолаушылар өткелін, бір жолайрық пен Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимаратын тұрғызу және ипподромды жөндеу жұмыстары кейінге қалған. Үнемделген ақша мемлекеттік бағдарлама бойынша «Жас Қанат» ықшамауданында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің шығынын өтеуге жұмсалмақ. Ал Көкжайлауға қаржының табылмай қалғанына экологтар риза. Талай қарсылық шарасын ұйымдастырғанымен, жасылдардың сөзін билік бір рет те құлаққа ілмеген болатын.