Жарияланды: 360

Үлкен жемқорлық дауынан соң Қостанайға жаңа әкім тағайындалды

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды. Екі апта бойы бос тұрған орынтаққа Базыл Жақыпов жайғасты.

Шенеунік бұған дейін осы облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған. Жақыповты қалалық мәслихат сессиясында аграрлық облыстың жүгенін жуырда ғана алған Архимед Мұхамбетов таныстырды. Депутаттар Базыл Жақыповтың кандитатурасын бірауыздан қолдапты. Ал бұған дейін Қостанай қаласын басқарған Ахметбек Ахметжанов екі орынбасарынан кейін өзі де ұсталған болатын. Қазір үй қамағында. Экс-шенеунікке қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін