Ұлттық банк 119,9 млн. долларға валюталық интервенция жасады
![]() |
1 қазанда, Ұлттық банк «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-дағы сауда-саттықта 119,9 млн. АҚШ доллары көлемінде валюталық интервенция жасауды жалғастырды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі ішкі валюталық нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2015 жылғы 16 қыркүйектен бастап валюталық интервенция жүргізуді бастады. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін