Ұлттық банк: «Ақш валютасын алып-сатарлар қасақана қымбаттатып отыр»
Доллардың 300 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты. Ұлттық банк бірер сағат бұрын арнайы мәлімдеме жасап, бұған қор биржасындағы алып-сатарларды кінәлады! Яғни, олар Ақш валютасын қолдан қасақана қымбаттатып отыр екен. |
Жағдайдың ушыққанын енді сезсе керек, Ұлттық банк амалсыздан іске араласып , теңге бағамын шұғыл тұрақтандыруға шешім қабылдады. Сөйтіп қор биржасындағы алып-сатарлардың шектен шыққан әрекетіне шектеу қоймақ ойда. Тіпті 144 миллион доллармен қор биржасына кірген. Бұл шетел валютасына тапшылықты жойып, оның өсуін сәл әлсіретпек. Теңге өз еркіне жіберілгелі, Ұлттық банк осылайша бірінші рет араласуға бел буды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін