Жарияланды: 400

Ұлттық банк теңге депозиттерінің кірістілігін арттыруды жоспарлауда - Д. Ақышев

Ұлттық банк теңге депозиттерінің кірістілігін арттыруды жоспарлауда - Д. Ақышев

Ұлттық банк теңге депозиттерінің кірістілігін арттыруды жоспарлауда. Бұл туралы КТК телеарнасына сұхбат берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

«Долларсыздандыру процесінің өзінің ауыртпалығы мол әрі ел экономикасы үшін теріс әсерлері бар. Түрлі психологиялық факторлардан бөлек бірінші кезекте экономикалық ықпалы да айтарлықтай. Қалай десек те, Қазақстан  - бұл өзіндік экономикалық саясат жүргізетін егемен ел. Біз теңгеге деген сенімді қалпына келтіруге міндеттіміз. Ал бұл қажетті механизмдерді құру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ең бірінші кезекте адамдар теңгемен сақтау тиімді болуы үшін жаңа тетіктердің кірістілігі жоғары болуы қажет. Екіншіден, мен қазіргі уақытта өзінің жинағын сақтауға тырысып, шетелдік валюта сатып алатын адамдарды түсінемін. Банк жүесіндегі жеке тұлғалардың валюталық депозиттерінің үлесі 80 пайызды құрайды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Д.Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк теңге депозиттерінің кірістілігін арттыру туралы мәселені қарауға және тиісінше шешім қабылдауға дайын. Ол үшін қараша айындағы нақты стаистикалық мәліметтерді және желтоқсандағы алдын ала мәліметтерді күту қажет. Осыдан кейін теңге депозиттерінің кірістілігі туралы нақты санды жария етуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін