Ұлы Абай туралы жаңа кітап жарық көрді
Бүгін сондай-ақ хәкім Абайдың асыл мұрасы туралы жаңа кітап жарыққа шықты. Туындыда ақынның өз заманында көтерген мәселелерін бүгінгі күні іске асырудың қыр-сыры талданған. |
«Абай және қазақ елінің болашағы» деп аталатын еңбек екі тілде жазылған. Авторы белгілі ғалым, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден. Жалпы, Абай қалдырған мұра күллі қазақ жұртын 2 ғасыр бойы тәрбиелеп келеді. Осыны негізге алған автор кітапта ұлы ақын айтқан мәселелерді жастардың бойына сіңіру туралы сөз қозғаған. Әсіресе, қара сөздеріндегі ой-тұжырымдарын талдап көрсетіпті. Бұған қоса, сиясы кеппеген жинақ соңында Әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан және Дінмұхамед Қонаев сынды 30-ға жуық тарихи тұлғалар туралы тың деректер бар.
Оразалы Сәбден, кітап авторы:
- Абайдың көптеген еңбектерін қарап, сосын оны қазіргі өмірмен ұштастырып, қазіргі жастар Абайды оқыса үйренсе, Абайдың толық адам деген идеясы бар. Абайдың көтерген мәселесі көп. Соны қазір өмірге қалай іске асырамыз?! Әңгіменің бәрі соның тетігін табу.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін