Ұлыбритания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

Ұлыбритания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің  кеше,

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 504
Фото - Caravan.kz

14 қыркүйекте Ұлыбританияның  Сауда және инвестиция министрі, Ұлыбритания Парламенті қауымының мүшесі Фрэнсис Модамен екіжақты кездесуі барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Ұлыбританияның қатысатындығы белгілі болды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, британиялық серіктестер ЭКСПО құрылыс нысандарына барған. Лорд Морд салынып жатқан құрылыстарды өз көзімен көріп қайтты.

«Бүгін құрылыс алаңына барып, ондағы жұмыс қарқынының шын мәнінде ауқымдылығын аңғардық. Сондай-ақ болашақ павильонымыздың да орналасу орнын көрдік. Мен Біріккен Корольдіктің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растаймын. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың елімізге ресми сапары барысында Астанадағы біздің павильон комиссарын тағайындайтын боламыз», — деп кездесу барысында өз ойымен бөлісті ағылшын министрі. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017-нің екі ел экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті.   

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қатысушылардың Астанадағы көрме барысында барлық үздік жұмыстарын көрсету мүмкіндігіне ұйымдастырушылардың барынша жағдай жасайтындығын жеткізді.


«Біздің британдық серіктестеріміз көрмеде өз экспозицияларын жан-жақты абыройлы түрде паш етуі үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ЭКСПО алаңында 4800 адам мен 600 техника бірлігі жұмыс істеуде», — деп атап көрсетті Есімов.

 Френсис Мод алдағы көрме тақырыбының маңыздылығына ерекше тоқтап, Ұлыбританияның баламалы технологиялар саласында мол тәжірибесі барын айтты.

Атап өту керек, Ұлыбритания Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растаған 48-ші мемлекет болып отыр.