Ұлыбританияда бес жасар бала АТ маманы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияда бес жасар бала АТ маманы атанды

Ұлыбританияда бес жасар бала АТ маманы атанды

Англияның Ковентри қаласынан Айан Куреши әлемдегі ең жас бағдарламашы атанды. Ол алты жасқа толуына бір ай қалғанда Microsoft компаниясында тестіден өтті, деп хабарлады Би-би-си.

  • 17 Қараша 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Мұндай тестілеу әдетте АТ-мамандары курстарында тапсырылады.

Кішкентай Куреши үйде компьютерлік желі жасады. Бағдарламалау жүйесінде жасайтын әкесі оған үш жасында компьютерді пайдалануды үйреткен көрінеді.

Асим Куреши үш жасында баласына ескі комьютерлерді бөлшектеуді және қатты дискі мен микропрессорлардың не үшін қажет екенін түсіндірген.

Енді Айанның Ковентридегі өз үйінде жеке зертханасы бар, оған өзі жасаған компьютерлік желі орнатылған. Ол күніне екі сағат операциялық жүйе құпиясымен танысып, оған бағдарламалар орнатуды үйренуде.

Бірақ та әкесі Айанның бәрін түсінетінін айтқан.


Оның анасы Мамуна дәрігерлік білім алуда. Отбасы 2009 жылы Пәкістаннан Британияға көшіп келді.

«Мен ұлымды мақтан етемін, маған керегі оның рекорд жасауы емес. Ол өмірде жақсы жетістіктерге жетсе екен деймін», —  дейді Мамуна Куреши.

Айан Британияда Силикон аңғары сияқты бірдеңе жасап, оған жаңа компьютерлік фирмалар орналастырғысы келеді. Ол сондай-ақ өз компаниясының негізін қалауды армандайды.