Үндістанда зейнеткер әйеліне арнап Тәж-Махал көшірмесін жасады
![]() |
Үндістанның Файзул Хасан Квадри есімді 80 жастағы азаматы үш жылда Аградағы атақты Тәж-Махалдың көшірмесін жасап шықты. |
Бұл құрылысқа ол өзінің бар жинап-терген қаражатын - 170 мың доллар жұмсаған. Сарайды ол өзімен 53 жыл отасқан марқұм әйелінің рухына арнап салды. Зейнеткердің айтуына қарағанда, оны тұрғызып шығуға үш жыл кеткен.
92 мың доллар болатын бастапқы керекті соманы ол жер телімін сатып тапқан, қалған соманы табу үшін әйелінен қалған әшекейлерді сатуға мәжбүр болған, деп жазады Лента.ру.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін