Үндістанның оңтүстігіндегі су тасқыны құрбандарының саны 269-ға жетті
![]() |
Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 296-ға жетті. |
Бұл туралы Үндістан ішкі істер министрі Раджнатх Сингх мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.
«Құрбандар саны 269-ға жетті, - деп атап өтті ол. - Апат аймағына премьер-министр Нарендра Моди аттанды. Ол оқиға орнындағы жағдайды бағалағаннан кейін одан әрі құтқару операциялары туралы шешім қабылдайды». Бұдан бұрын 188 адамның қаза тапқаны хабарланған.
Су тасқынына екі аптадан бері толастамаған нөсер жауын себеп болуда. Метеорологтардың болжамынша, бұл жексенбіге дейін жалғаспақ.
Апат салдарынан 230 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Ченнаи қаласы, Тамилнад штатының әкімшілік орталығы ең көп зардап шеккендер қатарында. Қаланың 60 пайызға жуық тұрғыны жарықсыз отыр, 40 пайызы мобильдік байланыссыз қалды. Ченнаиде білім мекемелері жұмысын тоқтатты. Әуежай да белгілі бір мерзімге жабылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін