«Ұрып-соғып, унитаздан су ішкізеді»: Атыраудағы балалар үйінің тәрбиеленушісі ондағы былықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұрып-соғып, унитаздан су ішкізеді»: Атыраудағы балалар үйінің тәрбиеленушісі ондағы былықты жайып салды

«Ұрып-соғып, унитаздан су ішкізеді»: Атыраудағы балалар үйінің тәрбиеленушісі ондағы былықты жайып салды

Атыраудағы «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі ондағы былықтың бетін ашып, көптен көмек сұрады.

  • 10 Шiлде 2023
  • 421
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, ол мұндай қорлыққа шыдай алмайтын көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі өзінің жанайқайын желідегі парақшасында жариялаған.

«Шаңыраққа әділдік орнағанын қалаймын, әр баланың қиналғанын қаламаймын. Ұрып-соғып, унитаздың суын ішкізеді, басқа балалар, өсіп келе жатқан мұны көріп, оларда істейтін болады ғой? Бәрін қорқытып қойған, менің балам да қорқып өсуі керек пе?» деді ол.

Аталған оқиғаға қатысты журналист Армангүл Тоқтамұрат алаңдатушылық білдіріп, көптен көмек сұрады.

"Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді. Атыраудағы “Шаңырақ” балалар интернаты тағы назарда. Тиктокта Нұрдаулет есімді тәрбиеленушінің көмек сұраған видеосы тарап жатыр.

Онда жасөспірім мұнда балаларды ұратынын, унитаздың суын ішкізетінін айтып отыр.

Естеріңізде ме, осы жылдың басында тағы да “Шаңырақта” балалардың бірі қатты таяқ жеп, сенім телефонына хабарласқанын “немолчикз” жазған еді. Директор балалардың еш зәбір көрмегенін айтқан ал, комиссия ешқандай заңбұзушылық анықтамаған.

Міне, тағы дәл осы “Шаңырақтың” баласы шырылдап отыр. Анық-қанығын құзырлы органдар анықтай жатар, егер баланың айтқаны рас болса, жауаптылар жазаланады деп сенейік! Айтпақшы, қазір депутаттар жер-жерді аралап жүр. Осы өңірден сайланған депутаттар ескерсеңіздер!



Бір айтпағым, елдегі балалар үйі біреудің жеке үйі емес. Мемлекеттік мекеме. Яғни, директордың, тәрбиешілердің өз міндеттері бар. Сол үшін айлық алады мемлекеттен. Пысы: жетімін жылатпаған халықпыз ғой….",-деп жазды ол.