Жарияланды: 350

Ұшақта бразилиялықтың ажал құшуына есірткі салынған капсуланың асқазанында жарылуы себеп болған

Ұшақта бразилиялықтың ажал құшуына есірткі салынған капсуланың асқазанында жарылуы себеп болған

Әлемдік БАҚ Лиссабоннан Дублинге ұшқан 24 жастағы жолаушының ажал құшу себебін хабарлады.

Еске сала кетейік, 18 қазанда ұшақ бортында 24 жастағы Бразилия тұрғыны көз жұмған еді.

Кейін белгілі болғандай, бразилиялық студенттің асқазанында шамамен бір келі есірткі  салынған 80 капсула  болған. Ұшақ әуеге көтерілген кезде олардың бірі жарылып, жігіт өзін бірден нашар сезінген. Осы мезетте жанұшырған ол жанындағы көршісін тістеп, бір орында отыра алмай аласұрып жүрген.

Кейін есірткі курьері есінен танып, мерт болды.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін