Жарияланды: 510

Үстіміздегі жылдың 8 айында тәртіптік кеңестердің ұсыныстары бойынша 153 саяси мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 8 айында тәртіптік кеңестердің ұсыныстары бойынша 153 саяси мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы Арғын Оспановқа сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай алқа отырысы болып өтті, оның жұмысына Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы Қ. Келімбетов қатысты. Алқада агенттіктің тәртіптік комиссияларының жұмысына ерекше көңіл бөлінді. 2008 жылдың басынан бері агенттіктің тәртіптік кеңестері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі заңнамаларын бұзғандығы туралы 3613 жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қараған. Тексерулердің қорытындылары бойынша 900 аса тәртіптік істер қозғалған. Тәртіптік кеңестердің ұсыныстары негізінде тәртіптік жауапкершілікке 1056 адам тартылған. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 8 айында тәртіптік кеңестердің ұсыныстары бойынша 153 саяси мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған, ол былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда екі есеге көп болып отыр. Алқа барысында агенттіктің тәртіптік кеңесінің қызметі бірінші кезекте сапалы көрсеткіштерге және нақты нәтижелерге бейімделуі қажеттігін нақтылады. Алқаның нәтижесі бойынша Агенттіктің тәртіптік кеңесінің қызметін бұдан әрі жандандыру және олардың жұмыстарына азаматтық қоғам және БАҚ институттарын кеңінен тарту туралы тапсырма берілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть