«Ұзақ уақыт бойы зорлаған»: Туған қызын қорлап келген алматылық тұрғын елді дүр сілкіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұзақ уақыт бойы зорлаған»: Туған қызын қорлап келген алматылық тұрғын елді дүр сілкіндірді

«Ұзақ уақыт бойы зорлаған»: Туған қызын қорлап келген алматылық тұрғын елді дүр сілкіндірді

Алматыда туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген ер адамға қатысты үкім шықты.

  • 13 Қыркүйек 2023
  • 908
Фото - Caravan.kz


Сот оны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оқиғаға қатысты тың деректі полиция департаменті бөлісті.

"Іс жүргізу материалдарында 1979 жылы туған М. есімді азамат 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса, денсаулығына да зиян келтіргені анықталды. Екі жылдан кейін қыз бала бұл туралы анасына айтқан. Ал анасы өз кезегінде полицияға арызданды.

ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес М. есімді азамат дереу уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу әрекеттерімен дәлелденді", – деді Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.