Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Мәскеуде өтетін консультацияларында біртұтас әуе қорғанысы жүйесі жөніндегі ережелердің жобасы талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Мәскеуде өтетін консультацияларында біртұтас әуе  қорғанысы жүйесі жөніндегі ережелердің  жобасы талқыланады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Мәскеуде өтетін консультацияларында біртұтас әуе қорғанысы жүйесі жөніндегі ережелердің жобасы талқыланады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 тамыз. МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сыртқы істер, қорғаныс, қаржы министрлерінің орынбасарлары мен қауіпсіздік кеңесі хатшыларының консультацияларында біртұтас әуе қорғанысы жүйесі жөніндегі ережелердің жобасы талқыланады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 21 Тамыз 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz



Бұған қоса » Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде бітімгершілік іс-қызмет механизмдерін нормативтік және ұйымдастырушылық тұрғысынан қалыптастыру жөніндегі құжаттардың топтамасы, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2010-жылға дейін және одан әріқарайғы перспективаға есептелген коалициялық әскери стратегиясының жоспарын орындау барысы талқыланады», — деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Консультациялар барысында басқыншылық қаупі төнген немесе басқыншылық әрекет жүзеге асырылған жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына әскери-техникалық көмек көрсету тетіктері жөніндегі хаттаманың жобасын, әскери мамандардың бірлесе пайдаланудың біртұтас жүйесін жасау ережелерін жобасын, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге қатысты құжаттардың жобасын талқылау межеленген.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.