Волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-ші туры өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-ші туры өтті

Волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-ші туры өтті

Қызылжарда 20-26 ақпан күндері волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстанстан чемпионатының 3-ші тур ойындары өтті.

  • 27 Ақпан 2013
  • 396
Фото - Caravan.kz

Оның қорытындысы бойынша Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт» 21 ойыннан кейін 58 ұпаймен алда келеді. Оларды өкшелеп келе жатқан Алматының «Ұшқын-ҚазҰАУ» командасының 1 ұпайы ғана кем. Үздік үштікті түйіндеген өскемендіктерде («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2») 36 ұпай бар. Одан кейінгі орында 35 ұпаймен «Павлодар-2» (Павлодар), 24 ұпаймен «Есіл-Виктория» (Қызылжар) және 14 ұпайдан жинаған «Жайық-Конденсат» (Орал), «ВСМА АрселорМиттал» (Теміртау), «Семей» (Семей) волейболшылары келеді.

Келесі тур 16-25 наурыз күндері Өскеменде болады. Бұған дейін 1-ші тур 23-29 қарашада Алматыда, 2-ші тур 19-26 желтоқсанда Теміртауда өткен еді. Онда бірінші турда алматылықтар басым түссе, одан кейінгі 2 турда шымкенттіктер үздік шықты.