В.Путин геосаяси менмендіктен бас тартып, ИМ-ге қарсы күресте әлемдік қоғамдастықтың күшін біріктіруге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Путин геосаяси менмендіктен бас тартып, ИМ-ге қарсы күресте әлемдік қоғамдастықтың күшін біріктіруге шақырды

В.Путин геосаяси менмендіктен бас тартып, ИМ-ге қарсы күресте әлемдік қоғамдастықтың күшін біріктіруге шақырды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин геосаяси менмендіктен бас тартып, ИМ-ге қарсы күресте әлемдік қоғамдастықтың күшін біріктіруге шақырып отыр. Бұл туралы ол бүгін Душанбедегі ҰҚШҰ Саммитінде мәлімдеді.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 728
Фото - Caravan.kz

«Қарапайым парасатты ойлау, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік үшін жауапкершілік әлемдік қоғамдастықтың бұл қауіпке (ИМ) қарсы күш жұмылдыруын талап етіп отыр. Геосаяси менмендікті қоя тұрып, қосарланған стандарттардан, жеке конъюктуралық мақсаттарға жету үшін, соның ішінде кім-кімге болсын жағымсыз үкіметтер мен режимдердің ауысуы үшін жекелеген лаңкестік топтарды тікелей немесе жанама пайдалану саясатынан бас тарту керек», — деді В.Путин.

Ресей Федерациясының Президенті сондай-ақ Сирияның заңды билігін қолдау босқындардың бұл елден жаппай кетуімен еш байланысты емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, Сирия әскерінсіз лаңкестерді аймақтан қуу мүмкін емес.