Жарияланды: 360

Wi-Fi арқылы «ВКонтактедегі» адамдардың өзара хат алмасуын оқуға болады

Wi-Fi арқылы «ВКонтактедегі» адамдардың өзара хат алмасуын оқуға болады

Ресейлік компьютерлік қауіпсіздік маманы Михаил Фирстов iOS және Android үшін

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі пайдаланушыларының хат алмасуын оқуға мүмкіндік беретін кодты жариялады.

«Хак» іске қосылу үшін «тыңшы» мен оның құрбаны бір Wi-Fi желісінде болуы қажет.

HeadLight Security компаниясының қауіпсіздік маманының әзірлемесі жайлы Twitter-дегі автордың микроблогына сілтеме жасап Tjournal жазды.

Фристовтың айтуынша,  "ВКонтакте" қосымшасын әзірлеушілер берілетін трафикті үнемдеу мақсатында хабарлама беру үшін HTTP-дің қорғалмаған хаттамасын пайдаланғаннан кейін мұндай шабуыл жасау мүмкіндігі пайда болған. Алайда "ВКонтакте" ресми өкілі Георгий Лобушкин, "әлеуметтік желіге мамандар жүргізген тексеру Фристов пайымдарының көп бөлігін теріске шығарды", деп хабарлады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін