WTA 2013 жылғы қорытынды рейтингісі: Қазақстандық қос теннисші ТОП-100 арасында - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WTA 2013 жылғы қорытынды рейтингісі: Қазақстандық қос теннисші ТОП-100 арасында

WTA 2013 жылғы қорытынды рейтингісі: Қазақстандық қос теннисші ТОП-100 арасында

Қазақстандық теннисшілер Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) 2013 жылғы соңғы аптасындағы рейтингіде өз орындарын сақтап қалды.

  • 30 Желтоқсан 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

30 желтоқсандағы жағдай бойынша, Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова сәйкесінше 67- және 79-орындарда. Юлия Путинцева 109 орында қалды. Сесиль Каратанчева — 141-сатыда, Зарина Дияс 163-орында.
Керімбаева 4 сатыға төмен сырғып, 312-орынды иеленуде. Анна Данилина 545-орынды місе тұтты, деп хабарлайды sports.kz.

Ал көш басында әдеттегідей америкалық Серена Уильямс, Беларусь теннисшісі Виктория Азаренка — екінші, қытайлық На Ли үздік үштікті қорытындылап тұр.

Жұптық рейтингте Воскобоева 34-ші, Шведова — 53-ші, Керімбаева 437-ші, Данилина 447-ші, Әсия Даир 556-шы, Дияс 604-орында. Бұл тізімде итальяндық теннисшілер Сара Эррани мен Роберта Винчи көш бастап тұр.