Зайсанда қатты жел екі мектептің шатырын ұшырып кетті
![]() |
Зайсан ауданында 28 м/с екпінмен соққан қатты жел екі мектептің шатырын жұлып кетті. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады облыстың ТЖД. |
Табиғаттың тосын мінезі салдарынан Шелекті ауылының орта мектебі мен Әуезов атындағы орта мектеп шатырсыз қалды. «Бүлінген» алаң 350 шаршы метрді құрайды.
Бүгін таңертең оқиға орнына облыстық арнайы комиссия жетті.
Сонымен қатар, өңірде нөсер жауын толастар емес. ТЖ қызметі 22-23 қыркүйекте жаңбырдың арты қарға ұласып, температура түнде 0-5 градусқа төмендейді деп ескерту жариялады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін