Заңсыз түрде алтын елеумен айналысқан радикалды топтың мүшесі қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңсыз түрде алтын елеумен айналысқан радикалды топтың мүшесі қолға түсті

Заңсыз түрде алтын елеумен айналысқан радикалды топтың мүшесі қолға түсті

Әсіре діншілдерде алтынға әуес. Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде заңсыз түрде алтын елеумен айналысқан радикалды топтың кезекті мүшесі қолға түсті. Бір жыл бойы мемлекетарлық іздеуде жүрген Қуаныш Қапашевті қаржы полициясының өкілдері өз үйінде тұтқындаған.

  • 24 Қазан 2013
  • 246
Фото - Caravan.kz


Тінту барысында оның пәтерінен бағалы металды өңдейтін жасырын цех табылды. Заңсыз жолмен жинаған 3 келідей алтынды осы цехта тазалапты. Осылайша 19 миллион теңгедей пайда тапқан. Радикалды топтың құрамына кірген Қапашев 2012 жылы полицияның қолынан сытылып кеткен болатын. Кейін соттың шешімімен оған мемлекетаралық іздеу жарияланған-ды. Қазір қолға түскен Қапашевтың ісімен прокуратура айналысып жатыр.