Заттыбек Көпбосынұлының жемқорлыққа қатысы бар болып шықты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заттыбек Көпбосынұлының жемқорлыққа қатысы бар болып шықты

Заттыбек Көпбосынұлының жемқорлыққа қатысы бар болып шықты

Шымкенттік әнші Заттыбек Көпбосынұлы Өскемендегі концертіне билеттерді күштеп сатқызған.

  • 13 Наурыз 2018
  • 387
Фото - Caravan.kz

Шымкенттік әнші Заттыбек Көпбосынұлының жемқорлық іске қатысы бар болып шықты, деп xабарлайды Today.kz time.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы аймақтық жеке сот орындаушысы Дәурен Сәрсембаев 7 наурыз күні Бас прокурор Қайрат Қожамқұловқа арыз жазады. Арызда лауазымды тұлға облыстық Әділет басқармасының бастығы Ерлан Дауылбаев пен орынбасары Ғалым Табановтың әрекеті заңға сай келіп-келмейтінін анықтап беруін сұраған.

Time.kz сайты мақалада арызданушы Дәурен Серсембаев осыған дейін облыстық Әділет басқармасының басшыларының "қысқа соғым әкел, басшылардың жол ақысын көтер" деген тапсырмаларын орындап келгенін жазады.

"Сәрсембаев басшылармен телефон арқылы сөйлескен қоңырауларын, әлеуметтік желі арқылы берген тапсырмаларын сақтап келген. Қоңырауларды тыңдау арқылы, басшылардың бұйрық беріп тұрғанын аңғаруға болады" , – деп жазды басылым.

"Ғалым Табановпен телефон арқылы сөйлескенде ол маған бастықтың өтініші бар екенін айтты. Бастық 13 ақпан күні Өскеменде өтетін Заттыбек Көпбосынұлының концертіне 50 билет сатып алуым керек екенін айтқан. Заттыбек облыстық Әділет басқармасының бастығы Ерлан Дауылбаевтың жерлесі. Әр билет екі мың теңге тұрады" , – деп жазған Дәурен Сәрсембаев өзінің арызында.


Оқи отырыңыз:

Ерлан Біләлдің өнерін тамашалау үшін 2 көрермен Атырау мен Семейден ұшып келген

Мамбет! Ресейден Қазақстанға келіп, нанын тауып жүрген келімсек қазақтарды осылай балағаттан

 

 

Соңғы жаңалықтар