Жарияланды: 470

Зерттеушілер артық салмақтан арылудың тағы бір әдісін айтты

Зерттеушілер артық салмақтан арылудың тағы бір әдісін айтты

Зерттеушілердің пікірінше, арықтау үшін асүйдегі үстелді жинап отыру керек.

Үстел үстінде ас қалдыратын нәзік жандылар артық тамақты жиі жеп қояды. Ол салмақ қосуға алып келеді. Осындай қорытындыны Корнель университетінің зерттеушілері жасады. Мамандар асүйлердің 200 фотосуретін зерттеп шықты, деп жазады The Daily Mail.

Ғалымдар үстелдерінде ас қалдырып жүрген қатысушылардың салмағы азық-түлікті қалдырмайтындарға қарағанда, 9 келі көп болғанын анықтады.  Үстелдерінде алкогольсіз сусындар тұрған әйелдердің салмағы 12 келі көп болған. Ал көрінетін жерде жемістер қойғандардың салмағы 6 келідей аз болған.

Сондай-ақ зерттеуге қатысқан салмағы қалыпты әйелдеразық-түліктерін арнайы кішкене шкафта сақтаған. Мамандардың айтуынша, үстел үстінде азық-түліктер қалдырған адамдар тамаққа қызығып, оны жеп қойып отырады. Атап өтейік, бұған дейін жасалған зерттеу кәмпит салынған ыдыс көрінетін жерде тұрған кеңсе қызметкерлері ол екі метр алыс жерде тұрғандардан гөрі 5 кәмпит артық жеп қойып отырғанын көрсетті. Тәттіқұмарлар қызығып, күніне 125 калория көп жеген. Сондықтан жылына шамамен 6,4 келі салмақ қосып отырған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін