Дәстүрлі өнер бүгінгі жылтырақ шоулардың көлеңкесінде қалып отыр. Қазір осы шоулар табысты. Соның әсерінен қолында домбырасы барлар да еріксіз эстрадаға ойыса бастады. «Күн көру де керек. Алайда осылай жалғаса берсе, саф өнеріміздің қаймағынан айырылып қалмаймыз ба» деген әнші таңертеңгі сағат 9-да шығатын «Жүрекжардыда» сыры мен шынын айтады.