Абырой болғанда, көлікті жүргізіп келе жатқан Қарауылтөбе ауылының кәсіпкері терезеден шығып үлгерген. Ол өзеннің келесі бетіндегі Қарауылтөбе ауылына өтіп, сондағы бір мекемеге заттарды автокөлігімен жеткізбекші болған.
БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы бөлімінің басшысы Марат Қабақаевтың айтуынша, бүгін Оралдан сүңгуірлер келіп, көлікті мұз астынан шығарып алмақшы.
Айта кетейік, қазіргі таңда өңір өзендерінде мұз жұқа, автокөлікті көтере бермейді.