Жарияланды: 290

Жаманқұлов ісіне қатысты сотталып жатқандарға шартты жаза берілуі мүмкін

Жаманқұлов ісіне қатысты сотталып жатқандарға шартты жаза берілуі мүмкін

Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпталған Тұңғышбай Жаманқұловқа мемлекеттік айыптаушы 7,5 жыл сұрады. Сосын прокурор актердің жазасын шартты деп есептеп, рақымшылық заңы бойынша жаза мерзімін қысқарту керектігін айтты.

Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.

Сөз жарыс кезінде сөйлеген мемлекеттік айыптаушы, айыптаушылардың 11 миллион 664 мың 932 теңге қайтарғарғанын мәлімдеді. Өз кінәсін мойындамағандарды прокурор жауапкершілктен қашу деп бағалады. 

"Соттан ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталушы Жаманқұловты 7,5 жылға  соттап және 5 жыл бойы басшылық қызметке тағайындалмауын сұраймын", - деді прокурор. Сонымен қатар, мемайыптаушы Жаманқұловқа қатысты рақымшылық заңы бойынша жазасының екіден бір бөлігін қысқартып, 3 жыл 9 айға сотталуын сұрады, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес жазаны шартты түрде санауды сұраймын", - деп қорытындылады прокурор.

Гауһар Ысқақованы бір жыл бас бостандығынан айырып, өмір бойына басшылық қызметтке тағайындалмауын сұрады. Рақымшылық заңына сәйкес, прокурор "Қазақфильм" топ-менеджерін жазадан босатылуын сұрады.

Наталья Юдинаны 7,5 жылға соттап және 5 жыл бойы басшылық қызметке тағайындалмауын сұрады. Рақымшылық заңы бойынша жазасының екіден бір бөлігін қысқартып, 3,5 жылға шартты түрде сотталуын сұрады. 

Жәнібековке қатысты кінәлі деп тауып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес жазаны шартты түрде санауды сұрады. 

Сұлтанов, ЖШС өкілі Илья Коробейников және Марлен Әбішевке 5 жыл бас шартты түрде бостандығынан айырып, кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуды сұрады. 

Бижан Әбішевті екі жылға бас бостандығын шектеп, мүлкін тәркілеуді сұрады.  Әбдіқадыровқа прокурор 7 жыл сұрап, кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуды өтінді және ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес жазаны шартты түрде санауды сұрады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген еді хабарламада. Осыған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талғат Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақованың ҚР Қылмыстық кодексінің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша күдікті болып отырғаны жайлы хабарланған еді. Ал кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтаған болатын. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін