Жамбыл облысында 6 ауылды қар басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында  6 ауылды  қар басып  қалды

Жамбыл облысында 6 ауылды қар басып қалды

Жамбыл облысының Жуалы ауданында 6 ауыл қар құрсауында қалды. Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқар ата, Қызтоған ауылдарына бастап баратын негізгі жол жабық.

  • 26 Желтоқсан 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

2 метрлік қарды 5 күннен бері құтқарушылар мен сарбаздар жабылып, арши алмай жатыр. Таңертеңгі жаңбыр қарды нығыздап, жұмысты одан әрі қиындата түскен. Жалпы ұзындығы 37 шақырым жолды тазарту керек. Арнайы техниканың өзі 12 сағатта 2 шақырым жолды күрей алған. Қатынас үзілген жұртқа бүгін ғана әскери техникамен азық-түлік жеткізілді. Осы 6 ауылда 4000-ға жуық тұрғын бар. Атқарушы билік тайлы-тұяғымен сол маңда жүр. Таңға дейін жолды тазартамыз деп сендірді олар.

Батырбек Құлекеев, Жуалы ауданының әкімі:

-Жалпы аудан көлемінде 24 техника қарды аршуымен айналысып жатыр. Бір-ақ күнде ашатын едік, дауылдың арқасында…Түнде ашамыз…таңертең келсек қайтадан жабылып қап жатыр.