Жамбыл облысында алтын ұрлау дерегі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында алтын ұрлау дерегі анықталды

Жамбыл облысында алтын ұрлау дерегі анықталды

2023 жылғы 21 қарашада Қордай ауданының полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды.

  • 9 Қаңтар 2024
  • 9
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабаралайды.

Әйел алтын, күміс сататын дүкеннен белгісіз адамның құны 250 мың теңге тұратын алтын сырғаларды ұрлағаны туралы хабарлады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.