Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті

Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті

Талас ауданында суда жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

  • 20 Қазан 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Қаратау қаласынан бес шақырым жерде орналасқан көлге балық аулап отырған кезде осы қаланың 45 жастағы тұрғыны батып кетті, делінген ведомство хабарламасында. — Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-інен сүңгуірлер тобы жіберілді. Қажетті жабдықтармен жарақталған «УАЗ» автокөлігімен жеті адам келіп жетті».


4 сағатқа созылған іздестіру барысында ер адам табылып, судан шығарылды, марқұмның денесі Талас ауданы ІІБ полиция қызметкерлеріне табысталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.