АСТАНА. — сәуір. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында болған жол көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болып, төрт адам жарқат алды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қарасу — Қордай тасжолының 14-шақырымында 21-сәуірде 21 сағат 30 минутта «Москвич-412» көлігі «ВАЗ-2106» көлігімен соғылған. Апат салдарынан «Жигулидің» 29 жасар жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды. Әртүрлі жарақаттар алған төрт адам, соның ішінде бір және төрт жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті