Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 6 ауылдың жолы тек көктемде аршылуы мүмкін
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 6 ауылдың жолы тек көктемде аршылуы мүмкін. Елді мекендерге қатынайтын негізгі жол күрелгенімен күнара жауған қар қайта басып қалуда. Соның кесірінен тазарту жұмыстары қиындап, 4 мыңға жуық тұрғын әлі күнге аудан орталығына жете алмай отыр. |
Жуалы ауданындағы Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқар ата, Қызтоған ауылдарының жұрты бір жетіден бері сыртқа аттап баса алмауда. Биіктігі 4 метрге дейін жететін нығыздалған қар жолды көміп қалған. Ел-жұртқа ас-су тек әскери техникамен жеткізіліп жатыр. Науқастарды да осы көлікпен ауруханаға тасымалдайды. Ал, төтеншеліктердің машинасы түкке жарамсыз, ақ ұлпаға өздері батып қалады. Атқарушы билік ахуалдың ушыққанын мойындады. Жуалының табиғаты соңғы 8 жылда мұндай мінез танытпаған. Ертеңгі болжам да көңіл көншітпейді. Аймақта секундына 28 метрге жететін бұрқасын болады деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін