Жамбыл облысында қылмыскер конвойдың қолынан сытылып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қылмыскер  конвойдың қолынан сытылып кетті

Жамбыл облысында қылмыскер конвойдың қолынан сытылып кетті

Жамбыл облысының полицейлері қылмыскерден айырылып, жер сипап қалды. Сот үкімін тыңдап шыққан 27 жастағы сотталушы конвойдың қолынан сытылып кеткен. Тәртіп сақшыларының ауызын айға қаратқан  сотталушыны кешеден бері табу мүмікін болмай тұр.

  • 15 Қараша 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz


Байзақ аудандық сотының үкімімен ұрлық жасап 7 жылға сотталған жергілікті тұрғын Тараздағы тергеу абақтасының тұсына келгенде зым-зия жоқ. Тәртіп сақшыларының одан қалай ажырап қалғандары түсініксіз. Ішкі істер департаменті осыған қатысты мәлімет беруден үзілді-кесілді бас тартты. Тіпті болған жайды жасырғандары сонша, шаһарда жүріп жатқан қашқынды іздеу операциясын, оқу-жаттығу шарасы деп алдап отыр. Қазір қаладан шығатын жолдың бәрі жабылып, қолына қаскөйдің суретін ұстаған полицейлер әр көлікті тінтуде.