-Аудан әкіміне ұят келеді деп сіз айтуыңыз керек. Мен жұмысқа жарамсыз арызымды жазып кеткенмін мен. Сектор меңгерушісіне тапсырып кеттім. Одан ары мен ол кісімен сөйлескен жоқпын.
Аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман болып істейтін Қамқагүл Жанбекова 10 күн бойы Араб әмірлігінде қыдырған. Осы жұмыста болмаған күндеріне де еңбекақы жазылыпты. Бұл бассыздық үшін басшысын қызметінен төмендету, ал Жанбекованың өзін жұмыстан босату жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасалған. Енді жұбайының тағдыры күйеуінің қолында. Жалпы Байзақ ауданы басшысына басқа да атқамінерлер үшін қызаруға тура келді. Бірнеше ауылдың әкімдері сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыздықтарға жол берген. Ал Сарысу ауданындағы мектеп директоры екі мәрте көлігімен мас күйінде ұсталып, сот шешімімен 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілген. Бірақ директор бұл ісіне қымсынбайтын тәрізді.
Қайрат Айнабеков, Үшбас мектебінің директоры:
-Талдың қай жерін кестің?
— Бұтадық қой. Күзге дайындадық. Сырладық. Ағаштарды әктеу жұмыстары бар. Көп қой майда-шүйде жұмыстар.