Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері қайтыс болды

Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері қайтыс болды

 

  • 14 Шiлде 2019
  • 54
Фото - Caravan.kz


Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамаасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы — Екатерингбург тасжолында жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен. "Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған", — делінген хабарламада. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.