Жаңа Еңбек кодексі Үкімет қарауына жіберіледі
![]() |
Еңбек мерзімінен тыс уақытта жұмыс істеген қызметкерлердің еңбекақысы бір күндік жалақыдан кемінде 1,5 есеге көп болуы тиіс, - деп хабарлайды 24.kz. |
Демалыс пен мереке күндері жұмысқа шыққандар да осы мөлшерде еңбекақы алуы керек. Егер жұмыс беруші үстемақы көлемін арттырғысы келсе, заң тосқауыл болмайды. Бүгін «Нұр Отан» партиясы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жаңа Еңбек кодексін талқылау барысында осындай мәмілеге келді. Енді тиісті құжаттар әзірленген соң келісім Үкімет қарауына жіберіледі. Айта кетейік, бұған дейін министрлік аталған төлемақыны 2-ден 1,25 есеге дейін қысқартуды ұсынған болатын. Кейін қызу талқыға түскен заң жобасы тамыз айының соңында Мәжіліске жетті. Содан бері 200-ге жуық ұсыныс түсіпті.
Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
- Елбасының жариялаған 5 халықтық реформасына байланысты «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қазір Парламентте бірнеше заң жобалары қаралып жатыр. Соның ішінде ерекше тек белгілі бір сала ғана емес, жалпы қоғамның көңілі аударып отырған заң жобасы ол – жаңа Еңбек кодексі. Осы күнге дейін партияға, партияның Мәжілістегі фракциясына, яғни депутаттарға еңбек ұжымдарынан әлі күнге дейін өтініштер, ұсыныстар келіп жатыр. Ал ауыр жұмыс істейтін азаматтар бұдан былай 55 жастан зейнетке шықса болады. Әрине бұл ретте жұмыскердің қалауы ескерілмек. Айта кетейік, бүгінде елімізде 6 миллионға жуық адам еңбек етеді.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
- 2010 жылы зейнетақы заңын қабылдадық. 2014 жылы оған өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, бұрын еңбек азаматтары еңбекақы есебінен 10% ғана жарна төлеп отыратын. Енді ауыр жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс берушілер қосымша тағы 5% төлей бастады. Сонымен ауыр жұмыс істейтін азаматтарға 15% жарна төленіп, олар 55 жасында зейнетке шығуға мүмкіндік алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін