Жаңаөзенде 23 жастағы жүргізуші әйел мен оның екі баласын қағып кетті
![]() |
Жаңаөзенде әйел мен оның екі баласы көлік дөңгелегінің астында қалды. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап lada.kz хабарлайды. |
Жол оқиғасы Kia Cerato көлігін басқарған 23 жастағы жергілікті тұрғынның алаңғасарлығы салдарынан орын алған. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолмен келе жатқан адамдарды өткізбей, оларды қағып кеткен.
Жол-көлік апаты салдарынан 39 жастағы әйел көптеген жарақаттар алып, қалалық ауруханаға жеткізілді. «Жедел жәрдем» дәрігерлері ауруханаға сондай-ақ оның он жасар қызы мен алты жасар баласын жеткізген. Балалардың жарақаттары ауыр емес болып шықты. Балаларға медициналық көмек көрсетілген соң, әкесі оларды үйге алып кетті.
Жаңаөзеннің тағы бір кішкентай тұрғынын да көлік соққан. Lada Priora көлігі қағып кеткен жеті жасар бала ауруханаға жеткізілді. Бала бас сүйек-ми жарақатын, бас миының соққысын алып, беті жараланған. Зардап шеккен бала қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін