Жарияланды: 520

Жапония жағалауында жер сілкінісі болды

Жапония жағалауында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері Хонсю аралындағы Иватэ префектурасында орналасқан Мориоко қаласынан 125 шақырымдай жерде тіркелді, деп хабарлады Utro.ru сайтынан. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің ақпараты бойынша зілзала кіндігі 39,6 шақырым тереңдікте болған. Қираулар мен құрбан болғандар туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылы 11 наурызда Жапония жағалауында болған 9 балдық жер сілкінісі мен соның салдарынан болған цунами 13 мың адамның өмірін қиған еді. Табиғат апаты сондай-ақ «Фукусима-1» атом-электр стансасындағы апатқа себеп болып, ол апаттың салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін