Жапонияда «Дуджуан» тайфуны салдарынан 90 әуе рейсі тоқтатылды
![]() |
«Дуджуан» тайфуны алыстағы Окинава мен Тайвань арасында орналасқан жапониялық аралдарға апаратын көлік бағыттары бұзылды, деп хабарлады ТАСС. |
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 90 әуе рейсі кейінге шегеріліп, теңіз паромдары мен жүк кемелерінің қатынасы толық тоқтатылды.
Тайфунның орталық бөлігіндегі жел жылдамдығы секундына 70 метрге жетеді. Ол Тайваньға қарай 20 км/сағ жылдамдығымен жүруде.
Дүйсенбі күні жергілікті уақытпен кешке «Дуджуан» Жапонияның Сакисима аралдарына жақындайды деп күтілуде.
«Дуджуан» -Тынық мұхитында 2015 жылы пайда болған 21-ші тайфун.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін