Жарияланды: 280

Жарнама берушілер табыстан қағылғандарын айтты

Экономикалық дағдарыс жарнама берушілердің бюджетіне кері әсер етті! Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан халықаралық медиа саммитте айтылды.

Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жиында медиа саласындағы озық мамандар бас қосты. Олардың арасында Германия, Швейцария сынды әлемнің 7 озық елінен келгендер де бар. Талқыланған басты тақырыптардың бірі дағдарыстың ақпарат құралдарына тигізер әсері. Биыл еліміз бойынша жарнама берушілер саны 7 пайызға азайған. Ал интернет-порталдардың табысы керісінше жыл сайын өсіп келеді. Былтыр кіріс көлемі 3 миллиард теңгені құраған. Ал, биылғы 10 айдың ішіндегі түскен пайда 2,3 миллиард.

Арыстанбек Нұрмаханов, «Спринг медиа» компаниясының Орта Азия мен Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:

- Әрине, жарнама жағынан есептейтін болсақ әрине түсімдері төмендеген. Яғни, ол не деген сөз, әрине, жарнама беретін бизнес компаниялар жарнаманы да енді сараптап беретін болды. Нені беруі керек, нені жарнамалау керек, нені жарнамаламау керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін