Жарты жылда табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан 2,5 млрд шығын келді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарты жылда табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан 2,5 млрд шығын келді

Жарты жылда табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан 2,5 млрд шығын келді

Биыл алты ай ішінде Қазақстанда тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны былтырмен салыстырғанда 7,3%-ға көп. 
&nb

  • 16 Шiлде 2023
  • 1008
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.  

«Жыл басынан бері 6 200 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай және оқиғалар тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға көп. Оның салдарынан 858 адам зардап шегіп, 316 азамат қаза тапты. Келтірілген материалдық шығын 2 млрд 584 млн 85 мың теңге. Техногендік сипаттағы 5 647 төтенше жағдай тіркелген. Одан 480 адам зардап шегіп, 222 адам көз жұмды», — деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланған жарты жыл ішіндегі жұмыстардың есебінде.


Ведомство ақпаратына сай, техногендік сипаттағы жағдайлардың 91%-ы өндірістік және тұрмыстық өрттерге тиесілі. Атап айтқанда, жарты жылда 5 139 өрт болып, одан 346 адам зардап шекті және 194 адамды ажал құшты. Сонымен қатар бұл оқиғалардан 2,2 млрд теңге материалдық шығын келді.