Жарияланды: 630

Жас жұбайларға торт кесуге тыйым салынды

Жас жұбайларға торт кесуге тыйым салынды

Шешенстан астанасында азаматтардың үйлену тойына қатысты дұрыс көзқарас қалыптастыру бойынша күрделі шешім қабылданды.

Грозный мэриясы мәдениет департаментінің сайтында 2015 жылдың 29 қыркүйегіндегі «Шешендердің нохчийн ловзар дәстүрлі үйлену тойында жалпы талаптарды бекіту туралы» өкімі жарияланды.

Қала басшысы Мүслім Хучиев қол қойған құжатта аталған талаптардың «Шешенстан республикасының өскелең ұрпағын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің бірыңғай концепциясын іске асыру мақсатында» құрылғаны айтылады. Құжатты 2013 жылдың ақпан айында ел президенті Рамзан Қадыров мақұлдаған.

Үйлену тойын Грозныйда өткізгісі келетіндер қала басшылығының той кезінде қарудың кез келген түрінен оқ атуға, сондай-ақ үйлену тойына мас күйінде және «шешендік мәдениетке сәйкес келмейтін киіммен» келуге тыйым салғанын білуі тиіс. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін