Жарияланды: 350

Жасанды мөрмен шекара аспақ болғандар ұсталды

Жасанды мөрмен шекара аспақ болғандар ұсталды

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар жасанды мөр қолданып, шекара асуға тырысқан шетелдік 3 азаматты ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен. 

Нақтырақ айтқанда, еліміздің оңтүстігіндегі қазақ-өзбек шекарасында орналасқан «Жібек жолы авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары осы жылдың 3-ші желтоқсаны күні сағат 12 шамасында Қазақстан Республикасынан Өзбекстанға кетіп бара жатқан 2 азаматты ұстады. Жекенбаев О. (1989 жылы туған) және Муратов Д., (1991 жылы туған ), деген өзбек азаматтарының құжаттарын тексеру кезінде олардың Алматы қалалық көші-қон полициясының жасанды мөрін басып алғандығы анықталды. 
Осы күні сағат 16 шамасында «Қазығұрт авто» бақылау-өткізу бекетінде де (қазақ-өзбек шекарасы) осындай жағдай қайталанды. Мұнда шекара бақылаушылары 1985 жылы туылған Қабаев С. деген Өзбекстан азаматын ұстады. Қазақстаннан Өзбекстанға кетіп бара жатқан азаматтың құжатына Тараз қалалық көші-қон полициясының жасанды мөрі басылғандығы анықталды. 
Ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК 385-бабы бойынша жауап беретін болады (құжаттарды, штамптарды, бланктерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау және сату).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін