"Жастар арасында коронавируспен ауыратындардың саны үш есе өсті" - ДДСҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жастар арасында коронавируспен ауыратындардың саны үш есе өсті" - ДДСҰ

"Жастар арасында коронавируспен ауыратындардың саны үш есе өсті" - ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы бес айда әлемде коронавируспен ауыратын жастар саны үш есеге артты.

  • 5 Тамыз 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Талдауға сәйкес, 6 ақпан мен 24 шілде аралығында 12 миллион адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, жастар арасында COVID-19 үлесі 15 пайызға дейін өсті. Бұрын бұл көрсеткіш 4,5 пайыз еді. ДДСҰ есебі бойынша жастар 15-24 жас аралығындағы адамдарды қамтиды.

Германия, Испания, Франция және Жапония сияқты елдер ауруды жұқтырғандардың арасында жастардың көп екенін хабарлады.

"Жастар, әдетте, бетперде мен әлеуметтік қашықтықты сақтай бермейді", — деді АҚШ-тағы Джонс Хопкинс ауруханасының аға медбикесі Нейса Эрнст.

"Сонымен қатар саяхаттар да COVID-19-ды жұқтыру және таралу мүмкіндігін арттырады", — деді ол.

Нейса Эрнстің пікірінше, жастар көптеген адаммен жұмыс істеуге, жағажайларға, клубтарға немесе сауда-саттық орындарына баруға бейім екенін айтты.


Бұдан басқа, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар арасында COVID-19 өсуіне алаңдаулы. Осы кезеңде 5 жастан 14 жасқа дейінгі жұқтырғандар саны 4,6 пайызға дейін өсті. ДДСҰ сарапшылары оқу жылының басталуы мектеп оқушылары арасында коронавирустық жағдайлардың көбеюіне әкелуі мүмкін деп қорқады.

Бірқатар елдердің сарапшылары жастарды әлеуметтік қашықтық шараларын жалғастыруға, бетперде тағуға және көптеген адам жиналатын жерлерден аулақ болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар