«Желкемізден тұрып алып, жұмыс істетпейді»: Абай облысында өрт сөндіруші басшылардың жұмысқа кедергі болғанын ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Желкемізден тұрып алып, жұмыс істетпейді»: Абай облысында өрт сөндіруші басшылардың жұмысқа кедергі болғанын ашып айтты

«Желкемізден тұрып алып, жұмыс істетпейді»: Абай облысында өрт сөндіруші басшылардың жұмысқа кедергі болғанын ашып айтты

Абай облысында алапат өртпен алысып жатқан өрт сөндіруші тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті шенеуніктер кедергі келтіретінін атап өтті.

  • 12 Маусым 2023
  • 3562
Фото - Caravan.kz


Айтуынша олар жұмыс істетпей, бұйрық айтумен "желкелерінде" тұрып алатын көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

«Ассалаумағалейкум қазақ елі! Сіздерге видеоға шығуға мәжбүр болып отырмын, неге десеңіздер, кешеден бері өртте, отпен алысып жүрміз. Мына жақта кейбір ағаларымыз келіп алып: «Не істеп тұрсыздар, неге жұмыс істемейсіздер» деп желкемізден тұрып алады. Сондықтан тұтас қазақ елі болып, бір-бірімізге көмектесейік. Неге желкемізде тұрып алып, жұмысқа кедергі келтіресіздер? Техника кірмейді деп айтасыздар, арғы жаққа техника қалай кіреді? Бұл жақта үлкен көліктер, егер орманның арасынан шыға алмай қалса, көліктегілердің өміріне қауіп төнуі мүмкін, неге соны түсінбейсіздер? Сол үшін, бізге ең бастысы – адам өмірі маңызды. Сіздерден өтініп сұрайтыыһным, бір ниетте, таза ниетте болайық… Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», — деп аяқтады сөзін өрт сөндіруші.

Соңғы жаңалықтар