Ол жылдар бойы қызға көмек қолын созбаған полицейлер мен ауыл тұрғындарын ащы сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz.
Журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.
«Достар, кешегі Шымкенттен табылған құжатсыз, сауатсыз 23 жасар қыз қолына туу туралы куәлік алды. “Күріштің арқасында күрмек су ішеді” демекші туған қызының өмірін қор қылған анасы да қолына құжат алды.
Жеке басы анықталған бойжеткенді танып тұрып, қор өмірін біліп тұрып, қол созбаған жандар енді куәға тартылады.
Шиеліде өмірі бос өткен Айтолқыннан аудан әкімдігі хабардар екен. Маскүнем анасының сұрауы жоқ болғандықтан оның баласы да елеусіз қалған. 2 жасынан 18-ге дейін жерде домалаған анасын тұрғызып әлек болған бұл қызды шағын ауыл тұрғындары байқамауы, полиция білмеуі мүмкін емес. Өкінішке қарай, сен тимесең мен тиме бадырақ көз принципін ұстанған.
Қандай өкінішті! полициясының қалай жұмыс істейтінін білсін!
Есесіне, бұл жолы Шымкенттік инспекторлар ерледі. Қаратау аудандық ПБ көші-қон полиция басшысы Абылай Ботабаевтың тікелей жүгіруімен 2 тәулікте Айтолқын мен анасына туу туралы куәлік табыс етілді, респект!
Бағдарлама арқасында көп ішінде елеусіз жүрген тағы бір қазақ қызының тағдырын түзу жолға бұрдық!», — деп жазды ол.