Жерлестеріміз «Дакарда» үздіктердің қатарына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жерлестеріміз «Дакарда» үздіктердің қатарына енді

Жерлестеріміз «Дакарда» үздіктердің қатарына енді

Жерлестеріміз «Дакар-2016-да» үздік 20 команданың қатарына кірді. Алғашқы екі кезең қорытындысы бойынша ел намысын қорғап жатқан «Astana Motorsports» автошабандоздарының аяқ алысы жаман емес.

  • 6 Қаңтар 2016
  • 148
Фото - Caravan.kz

Аргентинаның Вилья-Карлос-Пас қаласы мен Термас де Рио Хондо арасын қамтыған екінші кезеңде экипаждар 700 шақырымды артта қалдырған. Нәтижесінде жүк көліктерінің арасында Артур Ардавичустың командасы мәреге 20-шы, ал Андрей Чередниковтың «Форды» 32-ші болып келді. Жол айтарлықтай қиын болмағанымен биылғы «Дакар» да спортшыларды сынға алуда. Мәселен, жарысқа шыққан 55 жүк көлігінің 51-і, ал 110 жеңіл машинаның тек 105-і ғана доданы жалғастырып жатыр. Сонымен қатар қатты жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, бірінші кезең тоқтатылған болатын. Енді экипаждар Аргентинаның солтүстік-батысындағы Сан-Сальвадор-де Жужуй қаласына бет алады.

Артур Ардавичус, «Астана» командасының пилоты:

—  «Дакар» енді басталды. Бірінші күні таулы аумақтар мен қыраттар көп болды. Үздік бестікке кіргісі келген 20 экипаж уақытпен жарыса жетті. Тәуекелге барғандардың бірі өртеніп тынды. Бүгін бар болғаны 5 минут ұтуға болар еді. Алда 11 кезең бар болғандықтан асығудың қажеті жоқ.