Жеті мемлекеттің елшілері Елбасына сенім граммотасын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеті мемлекеттің елшілері Елбасына сенім граммотасын табыс етті

Жеті мемлекеттің елшілері Елбасына сенім граммотасын табыс етті

Нұрсұлтан Назарбаевқа Фидель Кастро сәлем жолдады! Бостандық аралының көсемі ыстық сәлемін елшісі арқылы айтып жіберіпті. Өйткені бүгін Куба бастаған бірнеше мемлекет еліміздегі төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырды.

  • 23 Қазан 2013
  • 303
Фото - Caravan.kz

Президентке сенім граммотасын тапсыру көп жағдайда сән көрсетуге арналған іс-шараға ұқсаңқырап кетеді. Бұл жолы да солай. Ресми салатанатқа бірнеше елші ұлттық киіммен келіпті. Ал сенім граммотасын бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа  жеті мемлекеттің яғни Бельгия, Армения, Беларусь, Бразилия, Франция, Куба мен Катардың жаңа елшілері табыстады. Құжатты қабылдау сәтінде Елбасы Сарыарқа төсіне тұңғыш рет аяқ басқан дипломаттармен сөз алмасып үлгеріп жатты. Тіпті сондай сәттердің бірінде Брюсселдің аттандырған өкіліне  протоколдан ауытқуына жол берген жоқ. Сасқалақтап қалған Мишель Петермансуға Нұрсұлтан Назарбаев суретке түсу үшін тұратын орынды қолынан ұстап өзі көрсетіп берді.

 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Сіздерді дипломатиялық өмірбаяндарыңыздың жаңа парағын ашатын Қазақстанға,орталығы Астанаға келулеріңізбен жаңа қызметтеріңізбен шын жүрегіммен құттықтаймын. Біздің елімізге ішкі саясаттағы маңызды оқиғалар кезінде келіп отырсыздар.