Жеті жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды
![]() |
Түрлі жарақат алған жеті жасар баланы Челябі қалалық ауруханасына жеткізді. Полиция анасының оны үйде жалғыз қалдырғанын анықтады. |
Терезені ашқан бала бесінші қабаттан құлап кеткен.
Оқыс оқиға дүйсенбі күні жергілікті уақытпен шамамен сағат 12.30 орын алды. Балабақшаның 7 жастағы шәкіртін Южный бульвардағы 26-шы үйдегі пәтерлердің бірінде жалғыз қалдырған.
Алдын ала болжам бойынша, бала терезе алдында ойнап отырып оны ашқан. Мүмкін, аяғы тайып құлауы. Оны ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер бүлдіршіннің басы жарақаттанып, білектері сынғанын айтады. Ақ халаттылар баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды piter.tv.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін