Жетім бозбала өзін 8 жыл бұрын асырап алған аға-жеңгесінен бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетім бозбала өзін 8 жыл бұрын асырап алған аға-жеңгесінен бас тартты

Жетім бозбала өзін 8 жыл бұрын асырап алған аға-жеңгесінен бас тартты

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанның талап арызы бойынша туыстарының оны асырап алуы туралы шешімнің күшін жоюына байланысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен. 

  • 25 Желтоқсан 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

Сотта 17 жастағы бозбала сотқа жүгінген өкілі арқылы туған ата-анасы дүниеден өткендігіне байланысты әкесі жағынан туыстары 8 жыл бұрын асырап алғанын айтты. Алайда, ол асырап алушымен өзара түсіністік жоқ екенін, сондықтан ол үйден кетіп, қазіргі уақытта нағашы тәтесінде тұрып жатқанын жеткізді.


Жауапкерлер баланың талаптарын толығымен мойындады. Сот баланың өтінішін басты назарға алып, оның талап арызын қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.